Түрікменстан Президенті ЭКСПО-2017 алаңында ұлттық павильонын ашты

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан ұлттық павильоны ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме алаңындағы ең үлкен павильондардың бірі. Оның жұмысын Түрікменстан Республикасының Президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовтың өзі ашты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Өз сөзінде мемлекет басшысы халықаралық көрменің ұйымдастырылу жұмысына жоғары баға берып, Қазақстанмен  жемісті байланыс орнағандығын атап өтті.

- Түрікменстан бауырлас Қазастанмен бірқатар сәтті  жобаларды жүзеге асырып келеді, солардың қатарында мен Қазақстан - Түрікменстан - Иран бағытындағы темір жол құрылысын атап айтар едім, - деді Г.Бердімұхамедов.

Түрікменстан ұлттық павильоны ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерге елдің жанармай-энергия саласын таныстырады. Павильонда жоспарланып отырған бірнеше жобалардың үлгісі орналастырылған.

Мәселен, жоспарға алынған гелиокешенде жайылатын малдың тезегін құрылғы биогазға өңдейді. Осылайша, газ тәрізді отын өндірілмек. Сонымен қатар, Түрікменстан билігі автономды қалдықсыз өсімдік, құс және жылыжайда қозықұйрық өсіруге арналған биоаккумуляторлы гелиобиологиялық кешен салу ісін жүзеге асырмақшы.

Кешенде қалдықтар мен шығарында газдар да толығымен пайдаланып іске жарату көзделген.

Түрікменстан енгізіп отырған тағы бір жаңалық - пайдалы әсер коэффициенті жоғары біріктірілген электр тудырушы станция -  бу-газды электр станциясы кешені. Бұл электр станциясы құрамында 4 газ және 2 бу турбиналары сондай-ақ, 4 кәдеге жаратушы қазандық бар. Билік есебінше, мұндай электр станциясы жыл сайын миллиардтан астам текше метр табиғи газын үнемдеуге септігін тигізіп, буға айналушы газ қалдықтарын 3 млн тоннадан артық төмендетуге ықпал етеді.

Бұдан өзге павильонда ұлттық нақыштағы тауарлар мен электр энергиясының даму тарихынан сыр шертетін ашық аспан астындағы музей түріндегі 100 жылдық Гиндикуш су электр станциясының макеті қойылған. Қазіргі уақытта станцияда 100 жыл бұрын орнатылған құрылғылар мен бұйымдар әлі күнге дейін қолданылып келеді. Олар  су турбиналары, осы уақытқа дейін ақаусыз қызмет етіп келе жатқан сигнал шамдары, түрлі өлшемдегі кілттер және көше шамдары.

Соңғы жаңалықтар