+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Түрікменстан Президенті Ашхабадта Абайға ескерткіш орнатуды ұсынды

2021 жылғы 26 қазан 19:40
Бөлісіңіз:
Түрікменстан Президенті Ашхабадта Абайға ескерткіш орнатуды ұсынды

АШХАБАД. ҚазАқпарат – Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта ұлы Абайға ескерткіш орнату ұсынысын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы кітапханасы мен ТүркПА меморандумға қол қойды Сенатта түркі мемлекеттері ынтымақтастығын тереңдету мәселелері талқыланды Дәурен Абаев Қазақстан мен түркі әлемі туралы пікір білдірді

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің жазуынша, Түрікмен елінің басшысы мұндай ұсынысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында жасады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында осы елдің көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлын ұлықтауға ұсыныс жасады.

Түрікменстан Президентінің пікірінше, Абайдың мүсіні екі халықтың жоғары адамгершілікке негізделген рухани бағдарын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықтың шынайы көрінісін айғақтайды», - деп жазады Б.Уәли.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы толық қолдап, ризашылығын білдірген.

«Абайдың қасиетті түрікмен жерінде ұлықталуы – барша қазақ халқы үшін ақжолтай жаңалық», – деді Қазақстан Президенті.

Еске салайық, 24-25 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды. Шағын құрамдағы келіссөзден кейін, кеңейтілген форматта екіжақты келіссөздер өтті. Кейін қос мемлекеттің басшылары БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Қ.Тоқаевтың Ашхабадқа сапары бойынша видеошолу жарияланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT