+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Түрікменстан Каспий конвенциясын ратификациялады - ҚР СІМ

2019 жылғы 11 ақпан 17:34
Бөлісіңіз:
Түрікменстан Каспий конвенциясын ратификациялады - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Каспий конвенциясын ратификациялау процесі жайында мәлімет таратты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, осы уақытқа дейін Каспий конвенциясын Қазақстанмен қатар Түрікменстан ғана ратификациялады.

"Ендігі кезекте, біз Каспий маңы басқа да елдердің аталған құжатты ратификациалауын күтеміз", - деді А.Смадияров Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

А.Смадияров осыдан үш күн бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы заңға қол қойғанын еске салды.

«Осылайша, біздің мемлекетіміз бұл тариxи құжатты ратификациялады. Аталған құжат қазақстандық дипломаттардың және басқа да мемлекеттік органдардың Каспий маңы елдерімен 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізген келіссөздердің нәтижесі болып табылады. Былтырғы жылы 12 тамызда Каспий бестігінің мемлекет басшылары Ақтау қаласында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, конвенция Каспий теңізінің конституциясы болып табылады. Құқықтық мәселелерді шешу тек жағалаудағы мемлекеттердің іс-қимылына ғана емес, сонымен қатар, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай туғызады. Каспийдің бесжақты сауда-экономикалық байланыстарын сыртқы әлеммен, көліктік инфрақұрылыммен және тұтастай алғанда аймақтың транзиттік әлеуетін дамытуға оң әсерін тигізеді. Бұдан бөлек, конвенция қазақстандық сектордың түбін делимитациялуды аяқтауға, сондай-ақ, мемлекеттік шекараның бүкіл периметрі бойынша, оның ішінде Каспий теңізінің шекарасын делимитациялауды аяқтауға мүмкіндік береді» , - деп атап көрсетті А.Смадияров.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Каспий, ҚР СІМ, Ақтау саммиті,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT