+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Түрікменстан ЭЫҰ аясында маңызды бастамалар көтерді

2021 жылғы 12 қыркүйек 00:08
Бөлісіңіз:
Түрікменстан ЭЫҰ аясында маңызды бастамалар көтерді

АШХАБАД. ҚазАқпарат – Түрікменстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясында маңызды басмалар көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі осы елдің сыртқы істер ведомствосына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

«2021 жылдың 9 қыркүйегінде Түрікменстанның ұсынуымен БҰҰ Бас Ассамблеясының 75 сессиясының 102 пленарлық мәжілісінде «Біріккен Ұлттық Ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы» қарары бірауыздан қабылданды»,-деп хабарлайды Түрікменстанның Сыртқы істер министрлігі.

Ведомство өкілдері Экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясында биылғы жылдың 28 қарашасында Ашхабадта ұйымға мүше елдердің Мемлекет басшыларының кезекті 15-ші Саммиті өтеді.

«Бейтарап Түрікменстан Біріккен Ұлттар Ұйымын қоса алғанда ірі халықаралық ұйымдармен өңірлік ынтымақтастықты құрылымды ынтымақтастыққа айналдыру мақсатында маңызды бастамалар көтеріп, жобалар ұсынып отыр. Осының өзі ұзақмерзімді нәтижелі қарым-қатынас үшін мықты негіз қалап отыр»,-делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, ЭЫҰ-на мүше мемлекеттер: Иран, Пәкістан, Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан болып табылады.


Мәдибек Жәнібеков


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT