Түрік сарапшылары Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздердің аяқталуын жоғары бағалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінде ҚР-ның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі бойынша келіссөздердің аяқталуына арналған дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Оған «Қазақстан достары клубының» мүшелері, соның арасында жетекші стратегиялық орталықтардың сарапшылары, саяси шолушылар, Түркияның қоғамдық-саяси, іскерлік орталары және БАҚ өкілдері қатысты.

«Өз кезегінде ҚР-ның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев қатысушыларды ҚР-ның негізгі сыртқысаяси бастамалары, соның ішінде еліміз үшін маңызды тарихи оқиға болып табылатын Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздердің аяқталуы туралы хабардар етті», - деп хабарлайды ҚР-ның Түркиядағы Елшілігінің баспасөз қызметінен.

Ж.Түймебаев Қазақстанның жаһандану орбитасына тартылып, ашық демократиялық қоғамды құрып отырғаны, либералдық экономикалық жүйені қалыптастырып, әлемнің көптеген мемлекеттерімен тығыз байланыс орнатып отырғанын атап өтті. Қазақстан шетелдік инвесторлар, соның арасында түріктер үшін одан да тартымды болатыны атап өтілді.

Орталық Азия бойынша сарапшы, саяси шолушы Кюршад Зорлу Үкіметі ұзақ келіссөздер барысында өз позицияларын ұстай алған Қазақстанның дипломатиялық жеңісін жоғары бағалап өтті.

«Бауырлас Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі сіздердің еліңізде экспортқа бағытталған бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Түркия ДСҰ-ға 1995 жылы кірді, одан кейін ел экспорт көлемін арттырып, бәсекелестік деңгейі айтарлықтай өсті. Мүмкіндікті пайдалана отырып, бауырлас Қазақстан халқын келе жатқан Астана күнімен құттықтағым келеді», - деді К.Зорлу.

Түркі әлемінің инженерлері мен сәулетшілері одағының төрағасы Ілияс Демирджи Қазақстанның елеулі табыстарын атап өтіп, біздің еліміздің орталықазиялық аймақтағы жетекші рөлін баса айтты. Сондай-ақ ол Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі ҚР-дағы бизнесті дамытудың жаңа сатыға көтеретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар