Түрік мәдениет орталығы ҚР Тәуелсіздік күніне орай байқау өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы ҚР Тәуелсіздік күніне орай байқау өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтандағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы «Отан және Тәуелдсіздік» тақырыптарына арналған мәнерлеп өлең оқу жарысын ұйымдастырады.

Түркия – егемендікке қол созған Қазақстанның тәуелсіздігін таныған тұңғыш мемлекет. 1991 жылдан бастап екі ел арасында барлық салада байланыстар орнап, қарқынды түрде дамып келеді. Бауырлас екі ел Түркия мен Қазақстан карантин жағдайында да бір –біріне қол ұшын созып, көпжақты қарым -қатынастарын босаңсытпады. COVID-19 індетіне байланысты жарияланған карантин Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының да жұмыс жағдайын өзгертті. Осы себепті орталық мәдени шараларын «жаңа жағдайдың» форматы онлайн режимде өткізуде.

Орталық Қазақстанның қоғамдық өміріндегі атаулы оқиғалар мен мерекелерге үнемі белсене атсалысып келеді. 16 желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік мерекесіне орай жастары 16-дан жастан асқан елордада тұратын Қазақстан азаматтары қатыса алатын мәнерлеп өлең оқу сайысын өткізуді жоспарлап отыр. Сайыстың мақсаты індет жағдайында азаматтардың белсенділіктерін арттыру, көркем сөз оқу шеберлігіне баулу, әдеби шығармалардың танытылуына үлес қосу және адамдарға әдемі көңіл –күй сыйлау болып табылады.

Қатысушылар өлеңдерді 1 минуттан аспайтындай видео форматында түрік мәдениет орталығының электрондық поштасына ([email protected]) 6 желтоқсанға дейін жолдаулары тиіс.

Қазылар алқасы тарапынан іріктеліп алғашқы ондыққа енген өлеңдер орталықтың фейсбук парақшасында (Nur –Sultan Yunus Emre Enstitüsü @yeenursultan) 7-13 желтоқсан аралығында бөлісіледі. Ең көп дауыс алған үш өлең жүлдеге ие болады. Байқаудың қорытындасы 14 желтоқсанда жарияланады.

Мәнерлеп өлең оқу байқауына қатысып алғашқы үштікке енгендер арнайы жүлдеге ие болады. Бас жүлдеге ие болғандар 1 деңгей (144 сағат) ақысыз, 2 орын %50 жеңілдікпен, ал 3 орынға ие болғандар %30 жеңілдікпен 1 деңгей түрікше курсқа қатысып, сертификат ала алады.


Соңғы жаңалықтар