Түрік лирасының құлдырауы Қазақстанның экономикасына қалай әсер етеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарапшылар түрік лирасының құлдырауы Қазақстанның экономикасына және қазақстандық туристердің Түркияға сапарына қалай әсер ететіні жайлы өз ой-пайымдарымен бөлісті. 

ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы талдау орталығының сарапшысы Мерей Исабеков Қазақстан мен Түркия елдерінің арасындағы тауар айналымы төмен екенін - 2018 жылдың алғашқы тоқсаны бойынша небәрі 412,8 млн АҚШ долларын (бұл көрсеткіш еліміздің жалпы сыртқы тауар айналымының 2,4 пайызы: 2,1 пайыз - экспорт (260,23 млн АҚШ доллары), 3,5 пайызы импорт (152,61 млн АҚШ доллары) құрағанын атап өтті.

«Осыны ескерсек, түрік лирасы курсының ауытқуы Қазақстан экономикасына шектеулі әсерін ғана тигізіп, тек түрік тауарлары мен қызметтерін тасымалдаушы жеке компанияларға байқалуы мүмкін», - дейді Мерей Исабеков.

Ол өз сөзінде Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар профоциті ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны бойынша 107,6 миллион долларды құрағанын тілге тиек етті. Негізінен Қазақстан Түркияға металл, мұнай өнімдері мен бидай жеткізеді. Сарапшы сонымен қатар, осы тауарлардың барлық бағасы долларға байланғанын, сәйкесінше экспорттық түсімдердің азаюуы мүмкін екенін атап өтті. Сонымен бірге, Түркиядан келетін импорттың тізімі айтарлықтай көлемді. АҚШ долларымен есептеген аталған тауарлардың бағасы арзандауы ықтимал.

«Осындай өзгерістер кезінде Түркиядан импорт көлемінің артуын күтуге болады. Сәйкесінше, Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар профициті теңгенің тұрақты жағдайында қысқаруы мүмкін», - дейді ол.

Бұған қоса Түркия Қазақстаннан туристер ағылатын елдердің бірі болып табылады. Қазақстан туристер қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова доллармен есептегенде лираның құлдырауының салдарынан Түркияға деген туристік жолдамалар бағасының төмендейтініне күмән келтірді.

«Биыл түрік нарығы өзінің бұрынғы бағасына қайтып оралды. Демек, біз Түркияда көрсетілетін қызмет құнының көтерілгенін көріп отырмыз. Түркиядағы девальвация бағалар ұсынысына қаншалықты әсер етеді? Біз Түркиямен долларлық вариация сегменті бойынша жұмыс жүргіземіз. Демек, біздің сатушылар ақшаны теңге күйінде алып, долларға ауыстырып, осы ақшаны шетелге жібереді. Мұның бәрі бағаларға қатты әсер етеді деген сенім жоқ», - дейді Рашида Шайкенова.

Ол өз сөзінде Түркия бағытындағы жолдамалар бұрынғыша өтіп жатқанын атап өтті.

«Бізде девальвация болғаны есіңізде ме? Яғни, біз үшін барлығы қымбатқа айналды да, шетелдіктер үшін барлығы арзанға түсті. Бірақ, біріншіден, девальвация деңгейі бізде тіпті жоғары болатын. Бұл жағдай түрік отльерлері үшін қаншалықты әсер етіп, бағаны төмендетуде ынталандырушы фактор бола алады? Сөзсіз, сату барлық жерде өткізіліп жатыр. Және бағаның төмендейтіні туралы айтылып жатқан жоқ. Бірақ, бұл біздің нарыққа болар-болмас әсерін тигізуі ықтимал», - дейді ол.

Еске сала кетсек, өткен аптаның сәрсенбісінде түрік лирасы АҚШ долларымен есептеген тарихи минимумға жетіп, бір доллар - 4,93 лираға теңескен болатын. Соңғы екі айда Түркияның ұлттық валютасы америкалық және еуропалық валютамен салыстырғанда өзінің тарихи минимумын бірнеше рет жаңартқан. Жыл басынан бері ұлттық валюта долларға қарағанда 20 пайызын жоғалтып алды. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған отандық валюталарды түрік лирасына ауыстыруға шақырған болатын. Оның ойынша, бұл жағдай түрік лирасының құлдырауын шектейтін болады.

Фото: yenisafak.feo.doracdn.com

Соңғы жаңалықтар