Түрік лирасы жыл басынан бері 28% құнсызданған - Bloomberg

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Экономикаға келтірілген шығынды азайту үшін Түркия Ресейге табиғи газ үшін кейбір төлемдерді 2024 жылға дейін шегеру туралы өтініш жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия энергия тасымалдаушыларды импорттауға мәжбүр, бұл ел валютасы мен бюджетіне айтарлықтай әсер етеді.

Bloomberg агенттігінің мәліметі бойынша, түрік лирасы жыл басынан бері 28%-ға құнсызданған. Газ төлемдерін кейінге қалдыру экономикалық шығынды азайтуы керек, бірақ келіссөздер нәтижесінде қандай келісім жасалатыны әлі белгісіз.


Фото: eutribune.com



Соңғы жаңалықтар