Түрік компаниясы Ақтөбеде индустриялды аймақ ашуға ниет білдірді

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Gebze» түрік компаниясының өкілдері Ақтөбеге іскерлік сапармен келіп, индустриялды аймақ ашу жобасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Gebze» ұйымдасқан өндірістікаймағының басқарма
төрағасы Вахит Йылдырымды қабылдады. «Біздің аймағымыз үшін түріккомпаниясымен бірлескен индустриялық аймақ құрудың пайдасы өте зор. Өздеріңізде жақсы білесіздер, шетелдік инвесторлар үшін Ақтөбе облысыныңәлеуметтік-экономикалық дамуы өте ыңғайлы, мүмкіндігі зор. Бұл өзкезегінде аймақтың дамуына мүдделі әлеуетті инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.Келешекте «GOSB» компаниясымен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум игі бастамаларға жол ашады депсенемін. Біз өз тарапымыздан аталған жобаларды қолдауға және орналасатынорындарымен қамтамасыз етуге толық кепілдік береміз«, - деді өңір басшысы ОңдасынОразалин.


Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, »Ақтөбе« ӘКК-ы менТүркияның

»Gebze« ұйымдасқан өндірістік аймағы (GOSB) арасында өзараынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Gebze – Түркиядағы ең үлгениндустриялық аймақ. Онда әлемдік компаниялардың 40%-ы шоғырланған. Экспорттыңжылдық айналымы – 29 миллиард долларды құрайды. Gebze ұйымдасқан өндірістікаймағы (GOSB) Ыстамбұл мен Қожаелі қалаларының шекарасындағы Гебзепровинциясында орналасқан.

Кездесу соңында аймақ басшысы түрік компаниясына өз алғысын білдіріп, аталған
жобаларға жан-жақты қолдау көрсету үшін »Ақтөбе« ӘКК мен жауапты сала
басшыларына нақты тапсырмалар берді.


Соңғы жаңалықтар