Түрік кәсіпкерлері Қазақстанда жұмысын жалғастыруға ниетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түрік инвесторлары Қазақстандағы жағдайға қарамастан елде қалып, кәсіптерін жалғастыра бермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақ жерінде 2003 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан түрік іскері Уғур Балдың сөзінше, Қазақстан басына түскен қиындықты еңсереді.

Қазақстандағы жалпыұлттық аза тұту күніне орай Анкарадағы елшілікте арнайы рәсім өтті. Шараға түрік саясаткерлері, қоғам қайраткерлері, іскерлер мен шетелдік дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.

Келушілер Қазақстандағы ахуалдың тезірек шешілуіне тілектестік білдіріп, қазақ жұртының бұл кезеңді еңсеретінін тілге тиек етті.

«Қазақстандағы кәсіпорнымыздың жұмысын жалғастырамыз. Шегінбейміз. Біз Қазақстанның қуатына, билігіне, оның жүргізіп отырған демократиялық және құқықтық ұстанымына сенімдіміз. Жобаларымызды қарқынды түрде жалғастырамыз», - деді инвестор Уғур Бал.


Соңғы жаңалықтар