Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Түрік инвесторлары Ақтөбеге цемент зауытын салады

2019 жылғы 21 ақпан 06:00 641
Бөлісіңіз:
Түрік инвесторлары Ақтөбеге цемент зауытын салады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қуаты жылына 1,8 миллион тонна болатын цемент зауыты салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық ғалымдар отқа жанбайтын құрылыс материалын ойлап тапты Петропавлдағы «Шығыс» ықшам ауданында 9 қабатты 27 үй салынады

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кенжалы ауылында ірі жоба іске асырылады. Түріктің «Dal Holding» компаниясы мен «Ақтөбе» ӘКК» АҚ біріліп, «Ақтөбе цемент» ЖШС құрды.

«Ақтөбеде құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Тұрғын үй бағасын тұрақты ұстап тұру үшін қажетті материалдарды жергілікті жерде шығарған жөн. Сол себепті Ақтөбеге цемент, арматура қажет. Цемент зауыты құрылысына 101 миллиард теңге инвестиция салынады. 300 жұмыс орны ашылады. Зауытты Кенжалыда салудың өз себебі бар. Ауылда цементке қажетті шикізат табылды. Жылына 1,8 миллион тонна цемент өндіріледі. Ал Ақтөбеге 600 мың тонна құрылыс материалы керек», - деді «Ақтөбе» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Маханов.

Айта кетейік, цемент Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына жіберіліп, көршілес Ресейге экспортталады. Құрылыс-монтаж жұмысы 2019 жылдың сәуір айында басталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT