Түрік елінің тарихы туралы жаңа телехикая көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Хабар» телеарнасы өз көрерменіне Түрік елінің тарихына үңілуге мүмкіндік сыйлайды.

Жуырда Түркия мемлекетінің «Последний император» (Соңғы император) деп аталатын тарихи телехикаясы көрерменге жол тартады. Туындыда Осман империясының соңғы билеушісі II Абдул Хамидтың ел билеген жылдары, өмірі суреттеледі. Аталмыш телехикаяны 4 қарашадан, яғни бүгіннен бастап «Хабар» телеарнасынан, сағат 21.40-та тамашалай аласыздар.

Телехикая XIX-ХХ ғасырларда түркі тарихында болған шынайы оқиғалар негізінде түсірілген. XIX ғасырдың соңы. Түркия елі. Ол ел басқарушысы болмауы тиіс еді. Осман империясы билеушілері қатарынан көрінбеуі керек еді. Бірақ, хан тағына отыру бақыты бұйырады. Қарапайым қарашаның сеніміне селкеу түсірмеудің жолында жүрген Абдул Хамид тақ төріне отырған соң, Осман империясының тарихына тікелей әсері бар шет мемлекеттердің алапат саясатымен бетпе бет келгенін түсінеді. Билік басына келген соң өз дінін де, тілін де, ділін де сақтап қалу үшін, әлемдік аренада ұлы Осман империясын сақтап қалу үшін аянбай еңбек етеді. Уақыт өте билікті де, бұқараны да бағындыра білген II Абдулл Хамид хан – бүгінде батыс еуропа әлеміне «қанды император» лақап атымен танымал. Осындай атаққа ие болуының сыры неде? Соңғы император армандарын іске асыру үшін, билікті ұршықша иіру үшін қандай қадамдарға барады? Әлемнің алпауыт мемлекеттерін мойындатып, 33 жыл бойы ел бірлігі мен татулығын мүдірмей сақтаған императордың тағдыры немен аяқталады?

Әлемдік саясаттың негізінде XIX-ХХ ғасырдағы хан сарайының тыныс-тіршілігіне, ондағы сан түрлі сырлар мен бітпейтін әзәзіл шиеленістерге куә болғыңыз келсе - II Абдул Хамид ханның өмірі мен түрік елінің тарихы туралы тарихи драманы 4 қарашадан бастап «Хабар» телеарнасынан, сағат 21.40-та тамашалаңыздар.

«Последний император» (Соңғы император) телехикаясының режиссерлері – Эмре Конук пен Сердар Акар. Басты рөлдерді - Бюлент Иналь, Бахадир Енисехирлиоглу, Озлем Джонкер, Сайгын Сойсал, Хакан Бояв, Джан Сипахи, Селен Озтюрк, Дуйгу Гюрджан және т.б. актерлар сомдайды.

Соңғы жаңалықтар