Түрік дәрігерлері ақтөбеліктерге тегін ота жасады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеге Түркияның білікті дәрігерлері келді. Қатерлі ісік, буын ауруларына ота жасап, балаларға ем көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеге Түркия дәрігерлері келіп, екі күн бойы науқастарға ем көрсетті. Сүт безі ауруына шалдыққан науқастармен кездесіп, әріптестеріне шеберлік сабақтарын өткізді, дертті емдеудің жаңа әдістерімен бөлісті.

Ақтөбе медициналық орталығына Анкара қаласындағы Башкент университеті, медициналық орталығының профессорлары, онколог, трансплантолог, маммолог Седат Илдырым мен пластикалық, бет-жақ сүйек хирургі Ахмет Чагри Уйсалбес келіп, екі балаға ота жасады.

Сонымен қатар,  бет-жақ сүйегінің буындары мен сүйектерінің туа бітті потологиясымен ауыратын емделушіні тексерді. Екі кезеңдік отадан тұратын емдеудің нақты жоспары жасалды. Сүт безі ауруы бар өзге емделушіге дене мүшесін сақтайтын ота жасалады. Барлық отаны Түркиядан келген мамандар тегін жасап жатыр.

«Бақытты бала» акциясы аясында ауыр потологиясы бар тағы бес балаға Түркиядағы Башкент университеті жанынан ота жасалады. Балалардың жолы мен емделуіне кететін шығынды қабылдайтын тарап өзі көтереді.Түрік дәрігерлері облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен бірінші рет келіп тұрған жоқ. Алдағы уақытта халыққа тегін кеңес беру, ота жасау, жергілікті мамандарды емделудің заманауи әдістеріне үйрету секілді акцияларды жұмыс атқарылады» ,- деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарламасында.
null

Соңғы жаңалықтар