Түрік актері Бурак Озчивит XV «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің құрметті қонағы болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көптеген түрік телесериалдарынан белгілі актер Бурак Озчивит елордада өтетін XV «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің құрметті қонағы болады. Бұл туралы аталған фестивальдің Facebook-тегі ресми парақшасында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түрік актері Бурак Озчивит XV «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің қонағы болады. Біздің көрермендер, әсіресе нәзік жандар актерді фильмдердегі ерекше рөлдері үшін ұнатады»,- деп жазылған хабарламада.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, танымал түрік актерін елорда тұрғындары мен қала қонақтарының 30 маусым күні сағат 18:00-да «Қазақстан» ОКЗ-да өтетін кинофестивальдің ашылу салтанатында көру мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, танымал актердің қатысуымен 1 шілде күні сағат 11:00-де Rixos President Astana қонақүйінің «Orda» залында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Айта кетсек, Бурак Озчивит 1984 жылы Түркияда дүние келген. Оны кино әлеміне танымал еткен «Великолепный век» атты түріктің тарихи-биографиялық телесериалы.

Соңғы жаңалықтар