+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Тұрғындарға 19 қыркүйектен бастап жер мен мүлік салығы туралы sms-хабарламалар келеді

2019 жылғы 23 қыркүйек 22:22
Бөлісіңіз:
Тұрғындарға 19 қыркүйектен бастап жер мен мүлік салығы туралы sms-хабарламалар келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 қыркүйектен бастап мүлік салығы мен жер салығы туралы SMS - хабарламалар қазақстандық салық төлеушілерге (жеке тұлғаларға) жіберіледі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Салық төлеушілер үшін Telegram чат іске қосылды Алматыда шоу ұйымдастырушылар өз кірістерін 15 есеге азайтып көрсеткен Біртанов темекі, алкоголь сатушыларға қосымша салық салып, оны МӘМС қорына аударуды ұсынды

Жіберілген SMS-хабарламада көрсетілген мүлік салығы мен жер салығының сомасына:

- 2018 жылға есептелген салықтары;

- 2019 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша жеке тұлғалардың шоттарында қалыптасқан берешек және артық төлемдер сомалары қосылған.

SMS – хабарламалар тарату қызметі пилоттық режимде жеке тұлғаларды салық міндеттемелері туралы уақтылы хабардар ету мақсатында іске қосылды.

Бұл «Салықтық әкімшілендіруді реформалау» жобасының аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Қаржы министрлігі) әзірлеген «Интегралды деректер базасы» ақпараттық жүйесінің «Жергілікті салықтар» ішкі жүйесінің арқасында мүмкін болды.

«Интегралды деректер базасы» АЖ маңызды құрамдас бөліктерінің бірі салық төлеушілерге салық органдары есептейтін жергілікті салықтардың сомалары туралы хабарлама жіберу қызметі болып табылады.

Таяу уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары ұялы құрылғыларда (смартфондар, батырмалық телефондар) төлеуге тиісті салық сомасы туралы SMS-хабарламалар алады.

SMS-хабарламаның артықшылығы - жеке тұлғаларға салық міндеттемелері туралы хабарламалардың жедел жеткізілуіне жүз пайыз кепілдік. SMS-хабарламалардың тағы бір артықшылығы - барлық ұялы телефондарды пайдаланушыларды, оның ішінде, кнопкалы ұялы телефондардың иелерін қосатын үлкен аудитория.

Сондай-ақ, жеке тұлғаларға осындай хабарламалар Қазақстан Республикасының ең ірі банктерінің бірі - «Kaspi Bank» АҚ мобильді қосымшасы арқылы жіберіледі.

Сонымен бірге, салық органдары 2018 жылға есептеген және 2019 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуге жататын салықтар сомасы (мүлік салығы және жер салығы) туралы хабарламалар Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің курьерлік қызметі арқылы да жіберілді. Сонымен қатар, хабарламалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушілер кабинеті» қызметін пайдаланушыларға электронды түрде жіберілді.

Жеке тұлғалар кез-келген ыңғайлы жолмен салық төлей алады: екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен, банкоматтар мен төлем терминалдарында банктік карталарды қолдана отырып www.kgd.gov.kz сайтындағы электронды қызметтерді пайдалана отырып.

Анықтама үшін жеке тұлғалар бірыңғай байланыс орталығының ақысыз нөміріне - 1414 жүгіне алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT