Тұрғындардың шағымынан соң Шымкенттегі мазарлардың айналасы қоршалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі 8 мазардың айналасы қоршалды. Мазарлардың айналасындағы тәртіпті енді арнайы бекітілген ұйымдар қадағалайтын болады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Зираттардың қоршалуына қала тұрғындарының арыз-шағымдары себеп болыпты. Бұған дейін шаһар жұртшылығы қорымдардың ашық-шашық жатуы мен оның айналасының қоқысқа толып кеткенін айтып, құзырлы органдарға шағым түсірген. Сондай-ақ олар мазар айналасындағы тазалыққа жайылған малдар да нұқсан келтіріп отырғандығын айтқан. Осыдан кейін қалалық әкімдік осы мәселені шешу жолын іздестіріп, бүгінде осы аймақты қоршау жұмыстары аяқталды. Ал, қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің мамандары тұрғындарды қорымның қоқыстардан тазаланбау оқиғалары туралы хабар беріп отыруға шақырды. Бұл үшін қалалық әкімдіктің Инстаграм және Фейсбук әлеуметтік желілеріндегі аккаунтына немесе әкімдіктің WhatsApp нөміріне жазуға болатыны айтылған.

Соңғы жаңалықтар