Тұрғындардың өтініштеріне жылдам жауап беру қажет-Құмар Ақсақалов

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Nur Otan» СҚОФ-ның 30-шы кезектен тыс конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиналысқа СҚО әкімі, облыстық филиал төрағасы Құмар Ақсақалов қатысып, Елбасының тапсырмаларын орындау бойынша міндеттерге тоқталды.

Конференцияда барлық әлеуметтік саланы қамтитын партиялық 5 бағдарлама негізге алынды. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, «Халыққа көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдаулардың жұмысына қарқын қосу қажет. Тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында 15 әлеуметтік «терезе» іске қосылды. Ол ашылғалы мамандарға 116 адам көмек сұрап хабарласқан. Бұл - өте аз. Партия филиалының төрағасы, сондай-ақ қоғамдық қабылдаулардың форматын өзгерту қажеттігін айтты.

«Қазір және осында принципі бойынша жұмыс істе керек. Яғни, тұрғындардың өтініштеріне жылдам жауап беру қажет. Олар өз мәселелерін қашан келіп айтады деп күту дұрыс емес. Өзіміз адамдарға барып, көмек қолын созу қажет. Азаматтарға қиын сағатта көмектесу керек», - деді Құмар Ақсақалов.

Облыстық партиялық ұйымның жетекшісі сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету үшін елдің көшбасшы партиясы өз жұмысын үйлестіруі қажет. Бұл - «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асырылмақ. Атаулы әлеуметтік көмекті бұған дейін 2 мыңдай отбасы алып келсе, енді олардың саны 3,225 мыңға, яғни 11, 527 мың адамға жетпек. Көп балалы отбасылар үшін ай сайынғы төлем 6 есе артып, оны 6,7 мың бала алатын болады. Мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы 30% көбейді. Осы санатқа жататын 341 отбасының 30% биыл тұрғын үй жағдайын жақсартпақ. Ал, партиялықтардың міндеті - мұны жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органдардың жұмысын қатаң қадағалау.
null

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, биыл облыста бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге аспақ. 2400 орынға шақталған үш мектеп салынып жатса, соның екеуі биыл пайдалануға берілмекші. Оқу ордаларын жөндеуге бөлінетін қаржыландыру 12 есе артқан. Биыл 5 млрд теңгеге 120 білім беру нысаны жөнделмек. Петропавл қаласында көпбейінді аурухана құрылысы басталып, облыстың 32-і елдімекеніне таза су жетеді. Нәтижесінде ауылдардың 82% ауыз сумен қамтылмақ. Бұл - партиялық 5 жоба аясында атқарылатын жұмыстардың бір парасы ғана.

«Алдағы 10 жыл - біздің еліміз үшін шешуші кезең болмақ. Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына кіру дәуірі болмақ. Бізге Елбасы, партияның Төрағасы Н.Назарбаев артқан барлық міндеттерді орындау үшін белсенді жұмыс істеу керек», - деді Қ.Ақсақалов.

Соңғы жаңалықтар