Тұрғындардың атаулы көмекті алуы қадағаланады - Түркістан облысының әкімі

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданына іссапармен барды. Өңір басшысы аудандағы бірқатар нысандарды аралап, өндірістік орындарда атқаралып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы бастаған топ ең алдымен Қажымұқан ауылдық округіндегі ешкі сүтін өндіретін ауылшаруашылық кооперативінде болды. Бүгінде шаруа қожалығының жұмысы өркендеп келеді. Кәсіпкер Жеңіс Тоғызақбаев мемлекеттен 500 млн теңге несие алып, Голландияның заанен тұқымды 500 бас ешкісін ұстап отыр. Бүгінде өндірілген ешкі сүтінен айран, қаймақ, құрт, сүзбе және йогурт өнімі шығарылуда. Шаруашылықта 32 адам тұрақты түрде жұмыс істеп, орташа 100 мың теңге көлемінде жалақы алады. Шаруа алдағы уақытта үшінші ферма ғимаратын салып, сүт өңдеу зауытын іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ ешкі басын 6 мың басқа жеткізіп, тәулігіне 15 тонна сүт өңдеуді көздеген. Мұнан кейін облыс басшысы Қажымұқан ауылдық округіндегі «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырын аралады.
null null

Сонымен қатар Темірлан ауылында «Өрлеу» бағдарламасы аясында іске асырылған жобалар көрмесімен танысты. Бадам өндірістік аймағындағы «Karlskrona» ЖШС-нің темір құймаларды өңдейтін зауытты көрді. Аталған кәсіпорын бүгінгі таңда машина жасау саласында алдыңғы орында келеді. Компания Орталық Азияда теңдесі жоқ заманауи технологиямен жабдықталған. Зауыт жылына 3700 тонна өнім шығаруға қауқарлы.

Өңір басшысы аялдаған келесі нысан Бөржар ауылдық округіндегі «Александровский сад» ЖШС-нің интенсивті қарқынды бау-бақшасы болды. Мұнда 17 гектар жерге жаңа технологиямен тамшылатып суғару әдісімен бау егілген. Жобаның қаржы көлемі - 150 млн теңгені құрайды. Шаруашылықтың қожайыны Бақтияр Тағаев облыс әкіміне алдағы уақытта баудың көлемін арттыратынын айтты. Өмірзақ Шөкеев бұл бастамаға әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсететіндігін жеткізді. Аудандағы кәсіпкерлік нысандарымен таныс болған облыс әкімі іскер азаматтарға отандық өнімді өндіріп, ел тұрғындарын сапалы өніммен қамтуға шақырды.
null null

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алып қана қоймай, оны табыс көзіне айналдыра білу керек. Сонда берекесі мол болады. Алдағы уақытта әр ауданда азаматтардың атаулы көмекті алуы қадағаланады», - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

null

Соңғы жаңалықтар