+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Тұрғындар жеке зейнетақы шотын бақылап отыруы керек - зейнетақы қоры

2020 жылғы 24 қараша 13:31
Бөлісіңіз:
Тұрғындар жеке зейнетақы шотын бақылап отыруы керек - зейнетақы қоры

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға жеке зейнетақы шотының жай-күйін бақылап отыру керектігін еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

Ұқсас жаңалықтар
Зейнетақы қаржысын емделу үшін алу ережелері осы айдың соңында жарияланады Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады Жеке табыс салығы салынатын табыстан зейнетақы және МӘМС жарналары алынып тасталмаған - комитет

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ кеңселеріне тікелей келіп, сондай-ақ, дәстүрлі пошта арқылы үзінді көшірме алу және электрондық тәсілдерді пайдалана отырып білуге болады.

Қазіргі кезде жеке зейнетақы шот туралы ақпарат алудың ең танымал тәсілі – интернет байланысы. Оны 6,6 млн-нан астам ЖЗШ иелері таңдады.

Бұл ретте салымшылар мен алушылар 5 762 454 шот туралы enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе ENPF ұялы қосымшасы арқылы қалаған уақытында, әлемнің кез келген түкпірінен біле алады.

Осындай хабарлау тәсілін таңдағандар саны бір жылда 225 125 адамға артты.

БЖЗҚ-ға берілген электрондық пошта мекенжайына жіберілетін үзінді көшірмені 853 954 адам алады. Ол шот иесіне өзі таңдаған кесте бойынша ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын келіп тұрады.

Жеке зейтенқы туралы көшірмені дәстүрлі пошта арқылы алу тәсілін әлі күнге дейін 1 297 726 адам қолданады.

БЖЗҚ жеке зейнетақы шотын кез келген ыңғайлы тәсілмен үнемі қадағалап отыру қажеттігін ескертеді.

Ол шотыңыздың үнемі толығып отыратынына көзіңізді жеткізіп, болашақ зейнетақыңызды жоспарлауда сенімді болуға мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT