Тұрғындар жанар-жағармай қымбаттығын байқаса қайда шағымдана алады - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жанар-жағармай бағасының қымбаттығын байқаса жедел желіге хабарласа алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша газға, бензинге және дизель отынына шекті баға белгіленді.

«Қалаларда, аудан орталықтарында және орталықтан 200 шақырымнан аспайтын жерде орналасқан елді мекендерде газдың шекті бағасы – 60 теңге. Егер ауылдың қашықтығы орталықтан 200 шақырым немесе одан да көп болса, онда литріне 65 теңгеге бағаланады. Жазғы және маусымаралық дизельдік отынның шекті бағасы – 260 теңге», - деді департамент басшысының орынбасары Ренат Нәбиев.

Ал бензин бағасының шектері:

- АИ-80 – литрі 89 теңге;

- АИ-92 – литрі 182 теңге;

- АИ-93 – литрі 182 теңге;

- АИ-95 – литрі 215 теңге.

Жанар-жағармай бекетінде бағаның бұдан қымбаттырақ екенін байқаған тұрғындар сенім телефонына шағымдана алады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша сенім телефоны – 8-705-280-45-13.


Соңғы жаңалықтар