Тұрғындар саны азайған ауылдар қалпына келтірілуі мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұрғындар саны азайған кейбір ауылдар қалпына келтірілуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл халқының 10 пайызынан аз бөлігі тұратын 2,8 мың ауыл спутниктік немесе тірек елді мекен санатына жатпайды. Бұл ауылдарда 700 мыңға жуық адам тұрып жатыр», - деді Әлібек Қуантыров Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін.

Оның айтуынша, тұрғындар саны едәуір азайған ауылдарда жағдай қиындау.

«Ал кейбір ауылдарды қалпына келтіріп, қолдау жасалады. Бұл тұрғыда осы ауылдардың болашағы өңірлерде жүргізілген саясатқа қатысты болады», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Өңірлік стандарттар жүйесін өзгеріс енгізіліп, жаңа редакцияда нысандар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі айтарлықтай кеңейтілді.

2023 жылы өңірлердің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 14 облыс орталығында 67 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға 42,1 млрд теңге бөлінді.

Даму әлеуеті бар 800 ауылға 200 млрд теңге бөлінді.


Соңғы жаңалықтар