Тұрғындар саны 50-ге жетпейтін 448 ауыл бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда тұрғындарының саны 50-ден аз қалған 448 ауыл бар. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған «Қолжетімді инетернет» ұлттық жобасының мәтінінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған мәлімет бойынша, елдегі 6290 ауылдың 108-інде ғана халқының саны 10 мыңнан асады.

«Қазақстанда халықтың тығыздығы бір шаршы километрге 7 адамнан кем. Бұл әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі болып есептеледі. (19 миллион тұрғыны бар, аумағы бойынша 9-орын). Сондай-ақ ауылдық елді мекендердің Қазақстан аумағында бытырай орналасуы коммерциялық қызметті байланыс операторлары үшін экономикалық жағынан тартымды емес», - делінген құжатта.

Министрлік мамандарының ауыл халқыны санына соншалық шүйлігіп қарауында мынандай себеп бар.

«Байланыс операторлары үшін байланыс инфрақұрылымын дамытуға, оның ішінде халық саны 250 адамнан кем ауылдық елді мекендерге интернетке қол жеткізуге инвестиция салу экономикалық тұрғыда тиімді емес», - деп жазады жоба авторлары.

Сонымен Қазақстандағы 6290 ауылдың халқының саны мынандай:

1 ауылдағы халық саны

А уыл саны

Санат бойынша халық саны

1 ауылдағы халықтың орташа саны

0-49

448

12 246

27

50-249

1 713

225 675

132

250-999

2 331

1 261 896

541

1000-9999

1 690

4 300 899

2 545

10000-нан артық

108

2 003 299

18 549

Барлығы

6 290

7 804 015


Соңғы жаңалықтар