Тұрғындар полицияға өз еркімен 100-ге жуық қару тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар полицияға қаруларын өз еркімен тапсыруда. Қазіргі сәтте жұрттан 100-ге жуық қару қайтарылды. Бұл туралы қалалық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының қару айналысын бақылау және лицензиялау бөлімінің аға инспектора Рақым Толоқұлов айтты.

«Аралық қорытындыға сәйкес қазір 61 азаматтан ату құралын, жарылғыш заттарды белгілі бір ақыға қайтару туралы өтініш түсті. Қазірдің өзінде алматылықтардан 92 қару: оның ішінде 6-уы травматикалық, 1950 дана 5.45 мм калибрлі патрон, 2550 дана 7,62 мм калибрлі патрон, 5500 дана 5,6 мм калбирлі патрон, 95 дана 33 мм калибрлі патрон, 1 кг 810 грамм жарылғыш оқ-дәрі ақылы негізде қайтарылды», - деді қалалық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының қару айналысын бақылау және лицензиялау бөлімінің аға инспектора Рақым Толокулов.

Қазір қала тұрғындарының арасында қаруды өз еркімен тапсыру туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, адам көп шоғырланатын бекеттерде, ХҚО ғимараттарында, жол полициясы басқармаларында ақпараттық стендтер орнатылған. Жүргізілген насихат жұмыстары тиімді нәтиже беруде.

Тұрғындар көбінесе қаруды бір жерден тауып алғанын айтып келуде.

«Түрксіб аудандық ІІБ-на «ТОЗ-63» аңшылық мылтығын тапсырған азамат оны үйіне жөндеу жасаған кезде жер асты бөлмесінен тауып алғанын айтса, Жетісу ауданының тұрғыны аңшы мылтығын таудан тауып алдым деген уәж айтқан», - деп қорытындылады Рақым Толокулов.

Соңғы жаңалықтар