Тұрғын үйге кететін шығынның қанша пайызы құрылыс материалдарына жұмсалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғын үй құрылысына кететін шығынның 49%-ын құрылыс материалдары құрайды. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚазАқпарат» ХАА алаңында өткізген бастапқы тұрғын үй нарығындағы бәсекелестік туралы Open Space-те айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агенттік бір шаршы метрге жұмсалатын шығындардың өзіндік бағасы бойынша талдау жүргізді. Шығынның 49%-ын құрылыс материалдары құрайды. 10%-ы – жалақы, 9%-ы – үстеме шығындар, 6%-ы – пайда», - дейді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.

Ол қандай құрылыс материалдары шығынның негізгі бөлігін алатынын айтты.

«Сонымен қатар, құрылыс материалдары құрылысқа кететін шығынның шамамен 50%-ын құрайды, бүгінде кірпіш – 18%, темірбетон бұйымдары – 17%, әрлеу – 11%, металл конструкциялары мен бөлшектері – 10%, басқа шығындар – 35 %», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар