Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 41,9% кеміді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30 500 мәміле тіркелді, сәуір айымен (52 520) салыстырғанда көрсеткіш 41,9% кеміді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сатып алу белсенділігі Алматы қаласы мен Қарағанды облысында жоғары, сәйкесінше 4 395 пен 4 055 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы, 630.

Қазақстандықтар көппәтерлі үйлердегі тұрғын үйлерді көбірек алады, мамырда барлығы – 21 078 мәміле болды. Көп пәтерлі үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан 2 бөлмелі пәтерлер әлі де сұранысқа ие. Мамырда 8 мың 2 бөлмелі пәтер рәсімделсе, 1 бөлмелі одан бір мыңға аз. Жеке үйлер бойынша 9 422 мәміле рәсімделді. Жеке үйлерді Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары көбірек алған.

2022 жылғы мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 36,9% кеміді. Тұрғын үй нарығындағы мәмілелердің өткен жылғы мамырмен салыстырғандағы ең көп төмендеуі Маңғыстау облысында тіркелді – 64,6%.


Соңғы жаңалықтар