Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші төмендеп кетті - ҰЭМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың 2 айында 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің дерегінше, қаңтар-ақпанда құрылыс секторы жоғары өсу қарқынын көрсетіп, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 7,6 пайызға өсті. Көрсеткіштің оң өсімі 14 өңір бойынша тіркелген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Қостанай және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалуда.

«Осы жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өсу динамикасының қаңтармен салыстырғанда 1,7 пайыздық тармаққа жақсаруы байқалуда. Бұл ретте өсім әлі де теріс болып отыр. Жалпы 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 7,3 пайызға төмен. Оң динамика 13 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалуда», - деді ол.

Оның атап өтуінше, есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы шығарған өнімі 1,6 пайызға ұлғайды. Ең төмен көрсеткіштер Қостанай және Жамбыл облыстарында байқалуда.

«Саладағы өндірістің оң өсуі 15 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары көрсетті», - деді Әлібек Қуантыров.


Соңғы жаңалықтар