Тұрғын үйді басқарудың жаңа нысанына көшу кезінде қандай мәселелер туындады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылықтар тұрғын үй қорын басқарудың жаңа нысанына көшіп жатыр. Оның барысында кездесетін қиындықтары туралы Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, мәселен ің бірі - пәтер иелері кооперативінің (ПИК) үйді мүлік иелері бірлестігіне (МИБ) өткізгісі келмейтіндігімен байланысты болып отыр.

«Көбіне басқару органдарының төрағалары қабылдау-тапсыру актісіне өз еркімен қол қоюдан бас тартады, ал сот процесі орта есеппен 1 жылға дейін созылады. Екінші мәселе ауланы күтіп ұстауға қатысты. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум құрамына енгізілмеген үйдің жанын және аула аумақтарын тазартудан кейде бас тартады. Үшінші мәселе - шағын пәтерлік тұрғын үйлерді күтіп ұстау. Шағын пәтерлік тұрғын үйді (8-18 пәтерлік үйлер) ұстауға арналған шығын есебінен күтіп-бағу МИБ немесе ЖС тұлғасында басқарудың жаңа нысандарының бірін таңдау қаражаттың аз түсуіне байланысты қиын болуы мүмкін», - деді Данияр Қырықбаев.

Ол жоғарыда аталған мәселелер бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің орталық мемлекеттік органына хат жолданғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Алматы қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізілген.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қала тұрғындарына өтініш жасағым келеді. Сіздерді барынша белсенді болуға шақырамын. Заң бар, нормативтік-құқықтық актілер бар, оларды қолданыңыздар. Кеңес керек болса, біздің есігіміз сіздер үшін әрдайым ашық. Біздің басқарма Достық даңғылы, 85 мекенжайындағы Әлеуметтік қызметтер үйінде орналасқан. Бірінші қабатта «бір терезе» қағидаты бойынша барлық әлеуметтік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдай жасалған. Сіздер біздің мамандармен 225-14-31 нөмірі арқылы байланыса аласыздар», - деді Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы.

Соңғы жаңалықтар