+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жеке үйдегі өрт қауіпсіздігінің бұзылғаны үшін айыппұл салынбайды – ТЖ комитеті

2019 жылғы 31 қазан 19:36
Бөлісіңіз:
Жеке үйдегі өрт қауіпсіздігінің бұзылғаны үшін айыппұл салынбайды – ТЖ комитеті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі туралы тексеру жұмыстарына қарсы болмауды өтінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда кардиологиялық орталықтың жанындағы ғимарат өртеніп жатыр Алматы әкімі «Қазақфильмде» өрттің шығу себебін анықтауды  тапсырды Үш сағаттың ішінде Лос-Анджелес маңындағы орманның 4 мың гектары өртеніп кетті

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайдар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді.

«Биыл өрттің алдын алу шаралары бір ай бұрын, яғни 15 тамызда басталды. Мұнда жаппай үйлерді аралаудан бас тартып, халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аудардық. Аумақтық төтенше жағдайлар бөлімшелері әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, өрт қаупі бар 169 мың үйді анықтады. 25 қазандағы жағдай бойынша оның 162 мыңы немесе 96% алдын алу жұмысымен қамтылды, оның 82 мыңы комиссиялық тексеруден өтті. 62 мың үйде 65 мың бұзушылық анықталды», - деді В. Беккер елордада Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 5 мың үйдің тұрғындары түрлі себептермен тексеру жүргізуден бас тартқан. Олардың басым бөлігі пәтер жалдаушылар болса, кейбірі «өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін айыппұл салады» деп қорыққан.

«Халықтың осы топтарынан бөлек, өрттің алдын алу жұмыстарымен ауылдық елді мекендер мен қала аудандары да қамтылады. Мұндай аралау жұмыстары 395 мың үйде жүргізілді. Нәтижесінде 27 290 үйдің қожайындары тексеруші мамандарды кіргізбеген, 28 093 үйде адам болмаған. Осылайша, 766 мың азаматқа нұсқау берілді, 138 мың бұзушылық анықталды, 59 мың бұзушылық сол мезетте реттелді», - деді В. Беккер.

Төраға келтірген мәліметке сәйкес, 2018-2019 жылғы жылыту маусымында тұрғын үй секторында 4 382 өрт болған. Оның салдарынан 192 адам қаза тауып, 94 адам түрлі жарақат алған.

«2 қазаннан бастап, азаматтарды көбірек қамту мақсатында демалыс күндері тұрғын үй секторына түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Онда тұрғындар өртттің алдын алу бойынша білікті мамандардан кеңес ала алады. Немесе консультация үшін жақын орналасқан азаматтық қорғау органдарына – ТЖ бөлімшесі, қалалардағы басқармаға немесе департаментке жүгінуге болады. Сонымен бірге, тұрғындарға біздің қызметкерлер жүргізетін тексеруге қарсы болмауын сұраймыз. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін оларға әкімшілік айыппұл салынбайды», - деп түсіндірді В. Беккер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT