Тұрғын үйде кір жуғыш машина өртеніп, қараусыз қалған 3 жасар бала көз жұмды - ШҚО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 наурызда үш жасқа толғалы отырған бала иіс тиіп көз жұмды. Ата-анасы баласын үйде жалғыз қалдырып кеткен. Сіріңкемен ойнаған бала абайсызда тұрмыстық техниканы жандырып жіберген, деп хабарлады «YK-news.kz».

«13 наурыз күні баланың ата-анасы оны үйде жалғыз қалдырып кеткен. Көршілердің айтуынша, бұл бірінші рет емес. Сол күні сәби сіріңке тауып, заттарды жағып көрген. Өрт аумағы үлкен емес, небәрі бір шаршы метр. Бірақ от жалыны кір жуғыш машинаға тиіп, көз ашытатын түтін бөлінген. Бала содан иістеніп, мерт болған», - деп хабарлады Риддер қаласының ТЖ бойынша басқармасының бас маманы Михаил Калганов.

Анасы үйіне оралғанда, өрт өздігінен сөніп қалған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер балаға еш көмек көрсете алмады.
«Риддерде балаларын қараусыз қалдырып жүрген адамдар аз емес. Ата-аналар бұл әрекет жақсылыққа апармайтынын түсінуі тиіс», - деп ескертті Михаил Калганов.

Соңғы жаңалықтар