Тұрғын үй жалдау субсидиясына қай өңірден өтініш көп түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отбасы банк» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі тұрғын үй жалдау субсидиясына қай өңірден өтініш көп түскені туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлер бойынша бөлінген лимиттер саны әртүрлі. Қабылданған өтініштердің бөлінген лимиттерге қатынасының пайыздық үлесі туралы айтатын болсақ, Нұр-Cұлтан қаласы (78,2%), Ақтөбе облысы (78,2%), ШҚО (56,5%) алдыңғы қатарда. Ал, Алматы (28,5%), Қызылорда (22,4%), Жамбыл облыстары (21%) аталмыш тізімнің соңында», - деп жазылған акционерлік қоғамның ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.

Өңірлер бөлінісіндегі көрсеткіш кестеде көрініс тапқан.


Өңір Қабылданған өтініштердің саны

Ақмола облысы 880

Ақтөбе облысы 2473

Алматы облысы 2676

Алматы қ. 1615

Атырау облысы 1078

ШҚО 1644

Нұр-Сұлтан қ. 3240

Жымбыл облысы 1227

БҚО 1222

Қарағанды облысы 949

Қостанай облысы 503

Қызылорда облысы 1169

Маңғыстау облысы 1121

Павлодар облысы 606

СҚО 329

Түркістан облысы 5599

Шымкент қ. 4308

Жалпы 30639


Соңғы жаңалықтар