Тұрғын үй жалдау субсидиясы қолға беріле ме

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы Нұрбол Көкенов тұрғын үй жалдау субсидиясы қандай жолмен төленетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Хабар» телеарнасындағы «Бүгін» бағдарламасында тұрғын үй жалдау субсидиясы ешккімні қолына берілмейтіні айтылды.

«Бұл жерде тұрғын үйді жалға беруші адам мен жалға алушы шот ашады. Оны «Отбасы банк» көріп отырады. Арендаға алған адам өзі төлейтін 50 пайызды бірінші төлейді. Ол төлемнің түскенін «Отбасы банк» автоматтандырылған жүйе арқылы электронды түрде көріп отырады. Жалға алушы өзі төлейтін 50 пайыз ақшаны аударғанын көргеннен кейін барып «Отбасы банк» 50 пайызын аударып береді», - деді Нұрбол Көкенов.

Бағдарлама барысында бұл қағидалардың бәрі әлі нақты бекітілмегені де айтылды. Яғни, Индустрия жән инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсыны отырған нұсқа осындай.

Аталмыш бағдарламада тұрғын үй жалдау субсидиясына өтініш қалай қабылданатыны айтылды.

Айта кетейік, жаңа тұрғын үй саясатының аясында елімізде 70 мыңнан астам адамның тұрғын үй жалдау шығынын мемлекет жартылай субсидияламақшы.


Соңғы жаңалықтар