Тұрғын үй сатып алу үшін келестік 70 жас маманға бюджеттік несие берілді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Келес ауданында 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттен несие берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келес ауданында «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша биыл 70 маман тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие алды. Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында көтерме жәрдемақы 59 азаматқа тағайындалған.

«Ауылдық аумақтарды дамыту бойынша жаңа шаралар қабылдау әрі оларды үйлестіру мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауданымызда кеңінен жүзеге асып жатыр. Бұл бағытта көптеген жас мамандар баспанамен қамтылуда. Елді-мекенге жұмысқа орналасқан маман бір реттік көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алуға мүмкіндігі бар. Ол 0,01% жылдық сыйақы мөлшерімен 15 жылға дейінгі мерзiмге беріледі, - деді аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов.

Айта кетейік, әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.


Соңғы жаңалықтар