Тұрғын үй сапасын бақылауды күшейту керек – Мәжіліс Төрағасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында тұрғын үй қатынастарына арналған заң жобасын талқылау барысында палата спикері Қабиболла Жақыпов елімізде салынып жатқан баспаналардың, ғимараттардың құрылысына қатысты сын айтты.

«Болат Бидахметұлы, баспана мәселесе аса өткір, осы проблемаға өте-мөте маңыз беруіңізді сұраймын», - деді Палата Төрағасы Өңірлік даму министріне қарата айтқан сөзінде.

«Екіншіден, депутаттардың басым бөлігі көтеріп отырғанындай, қазір елімізде салынып жатқан баспана сапасы мүлдем сын көтермейді. Біз дауыл мен жауын-шашын болса сол үйлерге үдере назар аударатын болдық, жел тұрса бітті шатырлар ұша бастайды. Кейін сол шатырлардың өзін қайта салуға миллиондаған қаражат шығындаймыз. Бұл қалай? Қарапайым мәселе емес пе еді? Мен құрылысшы ретінде айтайын, қазіргі сапа нөлге тең. Бұған дейін де түрлі ғимараттарды, баспанадан бастап зауыттарға дейін салып жүрдік қой. Дегенмен, бүгінгідей былық болған емес», деді Қ. Жақыпов.

Сонымен қатар, палата төрағасы министрге құрылыс салу барысында оның сапасын бірінші орынға қоюдың қажеттігін қатаң ескертті.

Соңғы жаңалықтар