Тұрғын үй нарығында сату-сатып алу көрсеткіші 34,3% кеміді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғын үй сату-сатып алу нарығында шілдедегі көрсеткіш бойынша жасалған мәміле саны – 30 393, бұл өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 34,3% кем. Ұлттық статистикалық бюро мәліметі бойынша, кему көрсеткіші барлық өңірде тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маусым айымен салыстырғанда көрсеткіш 2% кеміді. Өңірлер бойынша мәмілелер көп жасалған қалалар – Алматы мен Нұр-Сұлтан, тиісінше 4 915 және 4 391 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы (619).

Мәмілелер санының төмендеуі бірқатар өңірде байқалды, ең көп төмендеу Павлодар (-19,2%), Алматы (-17,0%), және Атырау (-7,4%) облыстарында. Өсім тек 4 өңірде тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласы (14%), Алматы қаласы (11,5%), Батыс Қазақстан (7,5%) және Ақтөбе облыстары (4,4%).

Мәмілелердің 72% көп пәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша жасалды, сатылымдағы жеке үйлердің үлесі – 28%.

2 бөлмелі пәтерлер сол қалпы сұранысқа ие, шілдеде олардың 8,4 мыңы тіркелген. Бұл ретте келісімшарттар көбіне Алматы қаласында (1570), Нұр-Сұлтанда (1486) және Қарағанды облысында (1304) жасалған.

Жеке үйлер бойынша өсім тек Нұр-Сұлтанда (+9,2%), Ақтөбе (+11,3%) және Батыс Қазақстан облыстарында (+13,8%) байқалды.


Соңғы жаңалықтар