+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Тұрғын үй құрылысы: Қандай өңірлер қаражатты игере алмады

2019 жылғы 18 қараша 10:22
Бөлісіңіз:
Тұрғын үй құрылысы: Қандай өңірлер қаражатты игере алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада құрылыс қарқынының төмендеуі салдарынан республика бойынша жылдық жоспар орындалмауы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республика бойынша жылдық жоспар 13 млн шаршы метрді құрайды. Дегенмен, 10 айдың қорытындысында Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 35,8 пайызға төменуіне байланысты жоспарланған көлемге жете алмай қалуымыз мүмкін», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, биыл тұрғын үйлерді уақытылы пайдалануға беру үшін құрылыс алаңдарына инженерлік-коммуникациялар өткізуге 77,3 млрд теңге бөлінді. 10 айдың қорытындысы бойынша, қаржыландыру жоспарына сәйкес өңірлерге 59,3 млрд теңге аударылды. Оның 56,3 млрд теңгесі немесе 96 пайызы игерілді.

«Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында қаражаттың игерілу көрсеткіші төмен. Сот процестері мен жобалау-сметалық құжаттаманың түзетілуіне байланысты бірқатар өңір бөлінген қаражатты жылдың соңына дейін қайтаруды жоспарлап отыр. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана бойынша жобаларды іске асыру кезінде Павлодар, Маңғыстау, Атырау облыстарының әкімдіктері бөлінген қаражатты толық игермеді», - деді министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Багдат Хасенова
Багдат Хасенова
954-059

MURAǴAT