«Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің» ОҚО-дағы 31 мың салымшысы өтемақы алады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің» Оңтүстік Қазақстан облысындағы 31 мың салымшысы өтемақы алады.

Салымшыларға өтемақыларды төлеу бойынша жұмыстар 2016 жылдың 1 мамырына дейін жалғасады, деп баяндады брифинг кезінде «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ ОҚФ-ның директоры Қасымбек Мәліков.

Бүгінде 1300 өтінім келіп түскен.

«Мемлекет басшысы Үкіметке салымшылардың жинақтарын сақтау бойынша арнайы механизмді тартуды тапсырды. Осыған байланысты Үкімет пен банк салымшыларға өтемақыларды төлеу үшін 60,9 млрд. теңгені бөліп отыр. ОҚО-да өз жинақтарын банктің 31 мың салымшысы сақтап отыр», - деп баяндады Қасымбек Мәліков.

Банктің «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкімен» 467 мыңнан астам келісімшарт орнатқан азаматтарға өтемақы төлейтіні атап өтіледі.

Олардың арасында салымдары 1 млн. теңге сомадан асқан адамдар да бар. Өтемақы төлеу жоспарланып отырған салымдардың жалпы сомасы 171,9 млрд. теңгені құрап отыр.

Бағамдық айырмашылықты төлеу бюджет және банктің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар