Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кемшін тұсы қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы салынатын кейбір нысандар кеш тапсырылады. Ал конкурстан өткен салымшылар пәтер жалдап, шығын шығаруға мәжбүр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимованың айтуынша, ондайда банк ештеңе істей алмайды. Себебі оның құзіреті тек несие келісімшартына ғана жүреді.

«Мен бұл мәселені жақсы түсінемін. Адамдар конкурстан өткеннен кейін пәтер кілтін тағы күтеді. Себебі үйді тапсыру мерзімі шегеріледі. Бірақ бұл жерде тапсырыс беруші біз емеспіз. Құрылысқа әкімдік тапсырыс береді. Әкімдік ондай компанияларға айыппұл салуы тиіс», - деді Л.Ибрагимова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Оның сөзіне қарағанда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әкімдікке қысым жасай алмайды. Айыппұлды салымшылардың пайдасына өндіріп алу тетігі де жоқ.

«Біз банкпіз, қаржылық институт ретінде қызмет атқарамыз. Егер құрылысты бақылап, біреуден айыппұл талап етсек, онда девелоперлік компания болып кетеміз. Әрбіреуіміз өз қызметін атқаруы қажет. Біз салымшыларымызды қорғаудан бас тартып отырған жоқпыз. Пәтердің құжаттары дайын болып, несие туралы келісімшарт рәсімделген соң, біз барлық шарттарды орындауға дайынбыз», - деп атап көрсетті банк басшысы.

Айта кетейік, ағымдағы жылда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 145 үйді қабылдады. Соның жартысы салымшыларға таратылды .  Алдағы уақытта банк әскерилерге ипотеканы 5 пайызбен беруді жоспарлап отыр . 

Соңғы жаңалықтар