«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» жарылғыш зат қойылғаны расталмады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның үш ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны расталған жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, бүгін «102» нөмірінің кезекшісіне «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы мәлімет келіп түсті.

Ақпарат расталған жоқ.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның үшінші ғимаратынан жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған құқықбұзушылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біз арандатушыларды іздестірудеміз»,-деді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, 2 маусым күні Алматы қаласының ІІД-не Абылай хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан қалалық сәулет ғимараты мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ында жарылғыш зат қойылды деген мәлімет түскен. Ғимаратта жүрген қызметкерлердің барлығы эвакуацияланды.

Соңғы жаңалықтар