Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларға өтемақыны өз табысының 35%-ынан бөлмек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозиттегі сомасы 1 млн теңгеден асатын салымшыларға өтемақыны өз табысының 35%-ынан бөлуді шешті.

Бұл мәлімдемені бүгін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басшылығы бүгін өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

Банк басшылығының айтуынша, банкте қазір депозит сомасы 1 млн теңгеден асатын 57 мың келісім бар. Келісімдердің жалпы құны 114 млрд теңге. Өтемақының жалпы көлемі 40 млрд теңге болды. Ал, 1 млн теңгеге жетпейтін салым бойынша 435 мың келісім бар. Оларда 66 млрд теңге сақталған.

Бұл салымшылардың теңге бағамының өзгерісінен көрген шығыны ҚР Ұлттық банк схемасы бойынша өтелетін болады. Өтемақыға жалпы 20,9 млрд теңге бөлінеді.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Қарашүкеевтің айтуынша, банк ірі салымшылардың шығынын өтеуге өз табысының 35 пайызын бағыттауды ұсынып отыр.

«Тамыздың 18-інен 20-сына дейінгі аралықтағы курс сақталады. Миллион теңгеден аз салымдарға келсек, шотында үш мың теңге бар салымшылар өтемақы талап етпес үшін ең минималды курс бағамын аламыз», - деді Е.Қарашүкеев.

Айта кету керек, өтемақы төлеу тетіктері туралы жоба қазір ҚР Үкіметінің қарауында жатыр. Жоба бекітілген соң банк барлық салымшыларға ақпарат беретін болады. Сондай-ақ, клиенттер үшін e-gov порталында онлайн режімде өтініш беру үшін қызмет түрі ашылды. Өтемақы алу үшін қосымша шот ашудың қажеті жоқ. Айырбас бағамы депозит жыл бойы сақталған жағдайда шотқа аударылады.

Бұған дейін банктің жекеменшікке берілетіні жайлы хабарланған еді.

Жылдың соңына дейін Үкімет пен «Бәйтерек» холдингі банк акциясы пакетінің бір бөлігін жекешелендіру бойынша ең оңтайлы жоспар жасап шығармақ.

Қазір банкте 552 889 салымшымен келісім бар. Бұл депозиттерде 280 млрд теңге сақталып отыр.

Соңғы жаңалықтар