Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласын дамыту бағытында 5 жылдың ішінде 300 млрд. теңге жұмсалмақ - Үкімет отырысы

None
None
А. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласын дамыту бағытында 5 жылдың ішінде 300 млрд. теңге жұмсалмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Құрылыс істері және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы жылы еліміздің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту бойынша тұжырымдаманы және оны іске асыруды 2010-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарға кірістік», деді агенттік төрағасы. Оның айтуынша, аталған бағдарламалық құжаттарда қарастырылған шараларды жүзеге асыруға 5 жылдың ішінде 300 млрд. теңге бағытталмақ. Оның 200 млрд. теңгесі республикалық бюджет қаржысы. «Бұл қаржыны жыл сайын 60 млрд. теңге көлемінде тең үлеспен бөлу жоспарланып отыр. Оның ішінде 40 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен және 20 млрд. теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылады. Оның негізгі бөлігі инженерлік жүйені қайта жасауға және жөндеуге бағытталмақ», деді С. Нокин.

Соңғы жаңалықтар