+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Тұрғын үй кезегі тәртібін бұзу жағдайы барлық өңірде бар – агенттік

2019 жылғы 26 желтоқсан 13:47
Бөлісіңіз:
Тұрғын үй кезегі тәртібін бұзу жағдайы барлық өңірде бар – агенттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова мемлекеттен берілетін тұрғын үй кезегі бойынша кездескен заңбұзушылықтарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй беру бойынша кезекте тұрғандар тізімін жасауға байланысты мәселелер жеткілікті деңгейде реттелмей жатыр. Кезек бойынша өтініштер электронды түрде «Е-gov» порталы немесе ХҚКО арқылы қабылданады. Осыған қарамастан әкімдіктер өздері кезекті Excel немесе Word кестелері нысанында қолмен жүргізеді. Бұл кезекті манипуляциялау мүмкіндіктерінде, нақты тұлғаларға артықшылық беріп, өзге де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сөзсіз жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл жағдай бір адамға бірнеше өтініш жасауға мүмкіндік береді. Яғни, бір адам бірнеше рет кезекке тұра алады, бұл күткен адамдардың санын жасанды түрде арттырады», - деді Анар Жарова.

Оның айтуынша, әкімдіктер коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алуға немесе жеке тұрғын үй қорына жалға берудің санат бойынша жеке тізімін жүргізеді. Заңға сәйкес, мына санаттағы адамдарға үй берілуі керек. Олар: екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары мен мүгедектері, жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік осал топтары және мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, жалғыз тұрғын үйі апаттық жағдайда деп танылған азаматтар.

«Бір кезектен екіншісіне ауыстыру рәсімі заңнамалық түрде реттелмеген. Бұл әртүрлі тәжірибені туындатып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай жасайды. Сондай-ақ, кезектен алынған азаматтарды хабардар ету, кезекті қалпына келтіру рәсімдері регламенттелмеген. Соңғы рәсім жасырын мемлекеттік қызметтің барлық белгілеріне ие және Мемлекеттік қызметтер тізілімінде нормативтік бекітуді талап етеді. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң талаптарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мерзімді баспасөз басылымдарында тұрғын үйге мұқтаж, тұрғын үй алған адамдардың тізімін, олардың кезектілігін көрсете отырып, бөлек есепке алу тізімдерін жариялауға міндетті», - деді ол.

Алайда талдау жүргізу кезінде бұл талаптарды барлығы орындамағаны анықталған.

«Мысалға, Орал әкімдігі жоғарыда аталған тізімдерді баспа басылымдарында жарияламаған, ал Петропавл әкімдігі жариялаған тізімде кезекке қойылған күнін көрсетпеген. Ұқсас жағдай барлық жерде орын алған», - деді Анар Жарова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT