USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Тұрғын үй бағасы жыл сайын 10-15% өсіп отырады – Талғат Ерғалиев

2021 жылғы 24 қыркүйек 16:39
Бөлісіңіз:
Тұрғын үй бағасы жыл сайын 10-15% өсіп отырады – Талғат Ерғалиев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Баспана бағасы жыл сайын құрылыс маусымы қызған тұста өседі. Бұл жыл сайын қайталанатын құбылыс. БАҚ өкілдеріне баспана бағасының болжамы туралы пікір білдірген Қазақстан Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,8 пайызға дейін жетті - Асқар Мамин 11 айда 13,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді Тәуелсіздікке 30 жыл: Ақмола облысында 6 млн шаршы метрге тұрғын үй салынды

«Тұрғын үй құрылысының құны жыл сайын 10% -15%-ға өсіп отырады деп нық сеніммен айтуға болады. Бұл ең төменгі шегі. Яғни, осы пайызбен болжасаңыз қателеспейсіз. Бізде баға көктем сайын көтеріледі. Күн жылыған сайын баға да өсе береді. Өйткені құрылыс жұмыстары қызып, материалға сұраныс артады. Ал қыста ондай екпін болмайды», - деді Талғат Ерғалиев Құрылысшылар одағының отырысында.

Аталмыш шара алдында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Талғат Ерғалиев мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілетін тұрғын үй сапасына сын неге көп айтылатынын түсіндірген болатын.

«Коммерциялық тұрғын үй мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша бой көтерген тұрғын үй сапасы әртүрлі. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынған баспананың сапасы неге нашар? Биыл мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға конкурс өткізілді. Оның қаражаты 2020 жылы бюджетке енгізіліп қойған. Ал смета тіпті 2019 жылы жасалған. Үш жыл ішінде материалдардың құны да, жұмыстың құны да қымбаттады», - деді Талғат Ерғалиев құрылысшылар одағы отырысының алдында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT