Турецкий хоры қазақша әндерді шырқады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанға гастрольмен келген танымал ресейлік ұжым Алматыда қазақша әндерді шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Қазақстанға келгенді жақсы көреміз. Бұл жолы үш қазақ әнін дайындадық. Көпшіліктің көңілінен шықты. Шынын айтқанда, репертуарымызда осы ғана емес тағы бір әлемге танылған қазақ әні бар», - деді өнер ұжымының жетекшісі Михаил Турецкий.

Алматыда хор Ресейге танымал болған «Халықтық караоке» жобасы аясында өнер көрсетті. Жобаның басты идеясы - әншілер қала алаңында көрермендермен бірге түрлі кезеңдегі белгілі әндерді шырқайды. Турецкий хоры Қазақстанда көрермендермен бірге екінші мәрте ән салуда.

Биыл хор ұжымы еліміздің 10 қаласына барады. Алматы өнер ұжымының турнесіндегі үшінші қала, бұған дейін Турецкий хоры Астана мен Шымкент тұрғындарымен бірге ән салды.
 

Соңғы жаңалықтар