Тұрдықұл Шаңбай: Президент көтерген әр бастама халықтың көңілінен шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы осы Жолдауын Тәуелсіздіктің бәрінен қымбат екенінен бастады. «Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы» деді Президент. Расыменде Тәуелсіздіктің игілігі – бұл аса құдыретті сөз. Абай музейінің қызметкерлері мәжіліс залына жиналып, Жолдауды тыңдап, өз ойымызды ортаға салдық. Жеті бағыт бойынша жоспарланған істерді тыңдап, еңсеміз көтеріліп, марқайып қалдық. Халықтың әл-ауқатын арттыруға ерекше ден қойылғаны қуантады. Президент көтерген әр бастама халықтың көңілінен шықты», - деді ол.

Оның айтуынша, былтыр Президенттің тікелей қолдауымен Абай музейі жандана түсті.

«Хакімнің 175 жылдық мерейтойына Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі келіп, жаңарған музейді ашып берді. Халық арасында бүгінде Абай музейі туралы «Даналық пен жаңалықтың үндескен музейі» деген тіркес те қалыптасты. Пандемияның асқынып тұрған кезінде, Абай музейінде құрылыс, қайта жаңғырту және ғылыми-танымдық жұмыстар өте қарқынды жүрді», - деді Тұрдықұл Шаңбай.


Соңғы жаңалықтар