Тұран жолбарысы Қазақстанға 2025 жылы оралады –Экология министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министлігінің баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаев Facebook-парақшасында Қазақстанда Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру шарасы қалай іске асып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі 29 шілде – Халықаралық жолбарыстар күніне орай, әріптестерден осы тақырыпқа қатысты түрлі сұрақтар келіп түсуде. Осыған орай, бүгінгі пост арқылы жауап беруге тырыстық.

ХХ ғасырдың басында жер бетінде жолбарыстың 9 түрі мекендеген, саны 100 мыңнан асса, ХХІ ғасырдың басында шамамен 3,5 мыңы қалған. Тұран жолбарыстарының соңғы өкілдері 1970 жылдары жоғалып кеткен.

Қазіргі таңда Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі Балқаш маңында жолбарыс популяциясын қалпына келтірудің 15 жылға арналған бағдарламасын жасады. Ол аңның мекен ету ортасын дайындау, жолбарысты табиғатқа жіберу және бағдарламаның жүзеге асуын бақылау шараларын қамтиды», -деп жазды министрлік өкілі.

Аутынша, 2018 жылы «Іле-Балқаш» резерваты құрылып, онда биотехеникалық шаралар арқылы қабан, құлан, қарақұйрықтарды көбейту, бұқар бұғыларының популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

«Осы аталған шаралар орындалғаннан кейін экожүйе жолбарыс популяциясын ұстап тұруға қабілетті болмақ.

Айта кетейік, 2010 жылы Қазақстан халықаралық жолбарыс саммитінде Орталық Азияға Тұран жолбарыстарын қайтаруға дайын екенін мәлімдеген. Ал 2017 жылы Қазақстан мен Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры (WWF) Оңтүстік Балқаш маңы мен Іленің Дельта ауданында жолбарыстың реинстродукциясы Бағдарламасын жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойылды. Елімізге алғашқы жолбарыстар 2025 жылы әкелінбек», - дейді Олжас Беркінбаев.

Бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасымен бірлесіп Іле-Балқаш экожүйелерін қалпына келтіруге арналған жобаны іске қосқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар