Тұрақтылық, бірлік пен жаңғыру - мызғымас мемлекетіміздің тұтастығына тірек - Елбасы

None
None
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат  - Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» атты ХІХ сессиясында сөз сөйлеген ҚР Президенті,  Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Ең алдымен сессияның ашылуымен құттықтаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы, Ассамблеяның әр сессиясы еліміз үшін тағдырлы, түбегейлі шешімге толы болатынын атап өтті.

«Біз бүгін тұрақтылық, бірлік, жаңару ұғымдарын басқосудың күн тәртібіне шығарып отырмыз. Тұрақтылық - біздің татулығымыз берік болуы үшін табан тірейтін тұғырымыз. Бірлік - баға жетпес басты байлығымыз. Жаңару - келер күнгі кемел келешекке жетелейтін жарқын жолымыз. Осы үш ұғым біздің мызғымас мемлекетіміздің тұтастығына тірек болып табылады. Үндестігі мол үйлесімді шара, мерейлі мемлекетіміздің қасиетті құндылығы болып табылады», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар