Тұрақты нарық пен әлемдік стандартқа сай құқықтың жүйесі бар Қазақстан инвестиция үшін қолайлы мемлекет - Селим Доғаната

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Қазақстанның Шымкент қаласында құрылатын Қазақ-Түрік өнеркәсіп аймағын таныстыру мақсатында Измирге келген Қазақстан делегациясы,

 инвестиция және ынтымақтастық мүмкіншіліктері жайлы Түркия кәсіпкерлерімен кездесті.  

İGİD Измир Жас кәсіпкерлер қауымдастығында болған делегация, бағдарлама бойынша Кемалпаша біріккен өнеркәсіп аймағы басшылығы, «Kanat Boya», «Elkima Trafo» және «Orkide» май өнеркәсібін аралады.

Қазақстан елшілігі сауда жөніндегі кеңесші А.Кессикбаев,  Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі еркін экономика аймақтары бөлімі жетекшісі Қ.Есжанова, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өнеркәсіпті дамыту және жергілікті қамту бөлімі бастығы Х.Райымбеков, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі сыртқы қарым-қатынас директоры Ш. Рақымжанова,  Kaznex инвестиция агенттігі Түркия маманы Б.Толыбай, Kaznex инвестиция агенттігі сарапшысы А.Жолдасбаевадан құралған делегация İGİD Қауымдастығының Газиемирдегі ғимаратында өткен жиналыста Қазақстанда шетелдік инвестицияларға көрсетілетін жеңілдіктерді баяндады. Қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасы Азиядағы алдынғы қатарлы елдердің қатарына кіргенін айтқан Қазақстан елшілігі сауда жөніндегі кеңесшісі А. Кессикбаев, тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанға алғаш келген инвесторлардың бірі измирліктер болғанын айта отырып, Измирдің Қазақстан үшін маңызды қала екенін жеткізді. Түркия мен Қазақстан арасындағы экономикалық қарым-қатынасты дамыту мақсатында құрылып жатқан Қазақ-Түрік өнеркәсіп аймағының инвесторлар үшін табысты шарттарын еске сала кеткен ол, жер телімінің беріліп, салықтан босатылатын аймақта өндірілетін өнім тек Қазақстанда ғана емес, Ресей  Федерациясы мен Белоруссияға да еш кедендік салықсыз өту мүмкіншілігіне ие екенін атап өтті. Измир İGİD Қауымдастығы бастығының орынбасары Селим Доғаната болса, Қауымдастықтың Қазақстанға қатты қызығушылық танытып отырғанын және де Қауымдастықтың көптеген мүшелері біздің елмен сауда жасап жатқанын айтты. Қазақстанға инвестиция құйғысы келетін барлық измирлік кәсіпкерлерге көмектесуге дайын екендіктерін айтқан С.Доғаната, тұрақты нарық пен әлемдік стандартқа сай құқық жүйесі бар Қазақстан инвестиция үшін қоайлы мемлекет екенін де білдірді.

Соңғы жаңалықтар