+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Тұрақты дамудың жалпы мақсаттары

2020 жылғы 27 қараша 12:22
Бөлісіңіз:
Тұрақты дамудың жалпы мақсаттары

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Австрияның Қазақстандағы Елшісі Вилли Клеменспен кездесу барысында ғылым, білім және инновацияларды дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Ұқсас жаңалықтар

Құрметті қонақты қарсы ала отырып, ректор Ғалым Мұтанов Австрия «жасыл экономиканы» ұстанатын, ғылымы мен білімі дамыған, тарихы мен мәдениеті бай ел екенін атап өтті.

Қос достас мемлекет арасындағы ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастық соңғы жылдары қарқынды дамуда және де оны кеңейтуде үлкен әлеуетке ие.

Сонымен бірге ректор ҚазҰУ-дың Австрия жоғары оқу орындарымен, атап айтқанда Вена экономика және бизнес университеті, Инсбург және Клагенфурт университеттерімен өзара тығыз байланыс жайлы айтып, ондағы қазақстандық студенттер академиялық ұтқырлық бойынша және ғылыми зерттеулер шеңберінде оқудан және тағылымдамадан өтіп жатқандығына тоқталды.

ҚазҰУ-да Еуропалық зерттеулер институты табысты жұмыс атқаруда, шетелдік әріптестермен бірлескен жобалар іске асырылуда. Ол Австрияның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен мүмкіндік барын атап өтті.

Өз кезегінде Австрия Елшісі Вилли Клеменс кездесуге алғыс білдіріп, ғылым адамы ретінде білім беру саласындағы бастамалар мен жобаларды қызу қолдайтынын атап өтті. Оның ерекше назарын университеттің тұрақты даму саласындағы тәжірибесі аударды.

ҚазҰУ Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық хабы болып табылатын әлемнің он жоғары оқу орнының бірі және 2014 жылдан бастап тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасын басқарып үйлестіруде.

Атап өтерлік жайт, қазақстандық университет тұрақты даму бойынша Пан Ги Мун халықаралық институттар желісін құрудың бастамашыларының бірі болды.

Австриядағы Альпбахта өткен жаһандық форумда ҚазҰУ стратегиялық серіктес ретінде БҰҰ алға тартқан тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

ҚазҰУ-дың Жаһандық хаб ретіндегі қызметін жоғары бағалай отырып, Вилли Кемпел бұл, ең алдымен, халықаралық деңгейде табысты орындалып жатқан жауапты миссия екенін атап өтті.

Ол ҚазҰУ мен Австрия университеттері осы маңызды бағытта одан әрі белсенді өзара ынтымақтасып, тұрақты даму мақсаттары бойынша бірлескен жобаларға бастамашылық жасай алатынына сенім білдірді.

Тараптар осындай іс-әрекеттерге жан-жақты қолдау көрсетуге және оларды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ, тұрақты даму бойынша бірлескен халықаралық конференциялар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT