Тур де Франс: «Астананың» велошабандозы жарыстан шығып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тур де Франс» екінші кезеңінде жарыстан шығып қалған «Астана» командасының мүшесі, испандық велошабандоз Луис Леон Санчестің жарақаты туралы белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Луис Леон Санчес Ля-Рош-сюр-Йон қаласындағы ауруханада медициналық тексеруден өтіп, сол қолының шынтағы мен сол жақ бүйіріндегі төрт қабырғасын жарақаттап алғаны анықталды. Таяу уақытта велошабандозға Испанияда ота жасалмақ. Оның қашан аяққа тұратыны әзірге белгісіз.

Еске салайық, екінші кезеңде қазіргі әлем чемпионы Петер Саган жеңімпаз атанды. «Астана» көшбасшысы Якоб Фульсанг  жалпы топпен мәреге жетті. 

Соңғы жаңалықтар