«Тур де Франс»: «Астана» қатарынан екінші рет жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тур де Франс» көпкүндік веложарысының 15-інші кезеңі аяқталды. Пелотон таулы маршрут бойынша 181,5 шақырымды еңсерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Астананың» шабандозы Магнус Корт мәре сызығын бірінші болып кесіп өтіп, командасына екінші жеңісті сыйлады. «Bahrain-Merida» командасының өкілі Ион Исагирре - екінші, «Trek-Segafredo» командасының спортшысы голландиялық Бауке Моллема үшінші болды.
«Тур де Франс». 15-кезең
Мийо - Каркасон. 181.5 шақырым.
1. Магнус Корт (Дания, «Астана») - 4:25:52
2. Ион Исагирре (Испания, «Bahrain-Merida»)
3. Бауке Моллема (Нидерланды, «Trek-Segafredo») - +0:02.
Еске салайық, «Астана» велошабандозы Омар Фрайле «Тур де Франс» көпкүндігінің 14-кезеңінде жеңіске жеткен болатын. «Астаналықтар» велокөпкүндіктің аталмыш кезеңіне қара ленталар байлап шыққанын айта кетейік. Олар осылайша 19 шілде күні Алматы қаласында ұрылардың қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына құрмет білдірген еді.
- Жаңқош Тұраров тәжірибелі британдық боксшымен жекпе-жек өткізеді
- Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын 1 минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді
- Түркістан облысында тұрғындар көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр
- Теннис: Зара Дәркен Минскідегі турнирдің финалында жеңіліп қалды
-
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
-
Олимпиада: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам